quarrel [ˈkwɒrəl] A.n 1.ұрыс-керіс, ұрыс, керіс, дау, дау-дамай, ерегес, ерегесу, жанжал ♦a family quarrel – үй-ішіндегі ұрыс-керіс ♦He got involved in a quarrel with his neighbour. – Ол көршісімен ерегесіп қалыпты. ♦∼ about smth They had a quarrel about money. – Ақшаға бола олар шу-шұрқан болды. 2. ∼ (with smb/smth) шағым; түсінбестік ♦We have no quarrel with his methods. – Оның әдістеріне айтар мініміз жоқ. 3. (idm) *pick a fight/quarrel (with smb) [қ-з: pick (A5)] B.v 1.ұрсысу, салғыласу, керісу, дауласу, ерегесу, жанжалдасу ♦My elder sister and I used to quarrel all the time. – Әпкем екеуміз ылғи салғыласып жүретінбіз. ♦∼ about smth What did you two quarrel about? – Екеуің неге ерегестіңдер? ♦∼ over smth We tend to quarrel over money. – Ақшаға (бола) ұрсысып қаламыз. 2. (phr v) *quarrel with smb/smth келіспеу, салғыласу, дау айту ♦Nobody could quarrel with your conclusions. – Қорытындыларыңа ешкім де дау айта алмайды.