dab 1 [dæb] A.v (-bb-) 1. (қолмен жай ғана) басу, тию ¨She dabbed her eyes (with a tissue). – Ол көзін (салфеткамен) басты. 2. ~ at smth ¨She dabbed a little perfume behind her ears. – Ол құлақтарының арт жағына сәл ғана әтір жақты. 3.(phr v) *~ smth on/off smth жеңіл жағу, тигізу я шертіп, қолмен қағып түсіру ¨to dab paint on a picture – суретке сәл ғана бояу жағу ¨to dab off excess water – артық суды (саусақпен) шертіп кетіру B.n 1.(a) болмашы, аз ғана нәрсе ¨She put a dab of perfume behind her ears. - Ол құлақтарының арт жағына сәл ғана әтір жақты. (b) (қолмен жай ғана) басу, тию (әрекеті) ¨He gave the cut a quick dab with a towel. – Ол жараланған жерді орамалмен басқылады. 2.dabs (Brit, slang) саусақ ізі, табы
dab 2 [dæb] n 1. камбала сияқты жайпақ балықтың бір түрі (орысша: ершоватка, лиманда) 2. (Welsh, ауызекі) адам, зат ¨He’s in hospital again. Poor dab. – Ол қайтадан емханаға түсіпті. Бейшара-ай ә.
dab 3 [dæb] (idm) *(be) a dab (hand) (at smth) (Brit, ауызекі) өте шебер ¨a dab hand at golf – гольф ойнаудың шебері